Қыста тоңып қалмауға арналған 5 сәнді кеңес
Фото: Spotlight

Қыс мезгілі — бұл трендтер туралы ұмытып кетуге және әдемі киінуді тоқтатуға себеп емес.

Жай ғана бірнеше пайдалы лайфхактарды есте ұстаған жөн.

Көп қабатты образдар

Әрбір келесі қабат алдыңғы қабатқа қарағанда тығыз және жылы болатындай киімдерді таңда. Осылайша саған суық болмайды және жылы бөлмеге келгенде киімнің бір немесе екі қабатын шешіп тастауға болады.

Матаның табиғи құрамы
Қыста тоңып қалмауға арналған 5 сәнді кеңес
Фото: Spotlight

Денемен жанасатын матаның құрамы табиға болуы керек. Мысалы, мақта, вискоза және жүн ылғалды сіңіреді және суықты шығармайды. Сонымен, тіпті ең жұқа кашемир жемпірін кисең де тоңбайсың, өйткені ол нөлден төмен температурада жақсы жылытады.

Термо-іш киім
Қыста тоңып қалмауға арналған 5 сәнді кеңес
Фото: Spotlight

Егер әдемі және стильді көрінетін көйлектер, жұқа шалбар немесе қысқа белдемшелер кегің келсе, бірақ қатып қалудан қорқатын болсаң, гардеробтың осы элементтерінің астына жұқа термо-іш киімді қолдан, ол қосымша киім қабаты ретінде қызмет етеді және қыс мезгілінде жақсы жылытады. Сонымен қатар, мұндай нәрсе образды ауырлатпайды және мүлдем көрінбейді.

Сыртқы киімнің кең болуы

«Көбінесе біз кең емес сыртқы киімдерді  (күртелер немесе пальто) таңдаймыз, бірақ оның және киімнің арасында ауа болмаған кезде денеміз тыныс алмайды, сәйкесінше аяз бен суық терімізге еніп, тез тоңамыз»,- дейді стилист.

Сонымен қатар, көлемді киімнің астына екі-үш қабатты киюге болады — кардигандар, күртелер, жемпірлер.

Қыста тоңып қалмауға арналған 5 сәнді кеңес
Фото: Spotlight
Аксессуарлар

Шарфтар, қолғаптар, шляпалар туралы ұмытпаңыз. Бұл аксессуарлар болғандықтан, біз оларды стилистикалық әдіс ретінде қолданамыз: олардың көмегімен түс пен текстураны қосамыз — мысалы, эко былғарыдан жасалған күртешені жүн шарфымен үйлестіруге болады, ол сәнді көрінеді және жылы.

Қыста тоңып қалмауға арналған 5 сәнді кеңес
Фото: Spotlight

Ақпарат көзі: U Magazine

Поделиться: