«Волейбол ханшайымы»: Сабина Алтынбекова жаттығу сәтіндегі суреттерін жариялады

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында командасымен жаттығу кезінде түсірілген жаңа суреттер жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 06 октября 2025, 13:00
Сабина Алтынбекова
Instagram: @altynbekova_2

Суреттерде спортшы көк түсті спорттық формада жаттығу жасап, алаңда демалып отырған сәттері бейнеленген.

Кадрлар қысқа уақытта мыңдаған лүпіл мен ондаған пікір жинады. Жанкүйерлер Сабинаның тамаша спорттық қалпын және ойын алдындағы жинақылығын атап өтті.

Пікір қалдырғандар арасында тележүргізуші Динара Сатжан мен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да бар. Сабинаның оқырмандары да жылы лебіздерін аямады.

«Ең сүйкімді әрі тартымды. Қазақ елінің волейбол ханшайымы», «Сұлусың», «Сені қатты жақсы көремін», «Көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген, табысты спортшының жарқын үлгісі», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше