Суреттерде спортшы көк түсті спорттық формада жаттығу жасап, алаңда демалып отырған сәттері бейнеленген.
Кадрлар қысқа уақытта мыңдаған лүпіл мен ондаған пікір жинады. Жанкүйерлер Сабинаның тамаша спорттық қалпын және ойын алдындағы жинақылығын атап өтті.
Пікір қалдырғандар арасында тележүргізуші Динара Сатжан мен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да бар. Сабинаның оқырмандары да жылы лебіздерін аямады.
«Ең сүйкімді әрі тартымды. Қазақ елінің волейбол ханшайымы», «Сұлусың», «Сені қатты жақсы көремін», «Көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген, табысты спортшының жарқын үлгісі», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram