«Ол – өте керемет әке»: Сабина Алтынбекова экс-жолдасы жайлы айтты

Еліміздегі ең сұлу спортшылардың бірі Сабина Алтынбекова көпшілікті қызықтырған сауалға жауап берді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 27 августа 2025, 12:43
Сабина Алтынбекова
Instagram: @altynbekova_20

Сабина журналист Динара Сатжанмен сұхбаттасып, өмірінің маңызды сәттерімен бөлісті.

«Ұлымның әкесімен әлеуметтік желіде таныстық. Уақыт өте сезім пайда болып, отбасын құрдық. Кейін жолымыз екіге айрылды. Бұрын сүйіктіммен өмір бойы бірге боламын деп ойлайтынмын. Шынымен солай болсын да деген едім. Бірақ тағдырдың жазғаны басқа болып шықты. Сол себепті болашаққа қатысты ештеңе нақты айта алмаймын. Кейде айтқаным керісінше болып кетеді»,

деді спортшы.

Алтынбекованың айтуынша, ұлы әкесімен байланысын үзбеген.

«Тағдырыма өкпелемеймін. Керісінше, өмірімде осындай жағдайлардың орын алғанына қуанамын. Ол – өте жақсы әке. Мұны әрқашан ашық айтамын. Ұлымызды қатты жақсы көреді, екеуінің арасында ерекше байланыс бар. Ал болашақта қайта қосыламыз ба деген сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Өйткені кейде бәрі ойлағаныңнан басқаша болады»,

деп сөзін қорытындылады Сабина.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше