Азия чемпионатында қазақстандық синхрон жүзушілер төрт алтын медаль жеңіп алды

Азия чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық синхрон жүзушілер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, төрт бірдей алтын медаль жеңіп алды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 06 октября 2025, 12:31
су спорты, Қазақстан, Азия чемпионаты
Instagram: @qaz_team_official

Бұл туралы Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясы хабарлады.

Бірінші күннің нәтижелері:

Әйелдер арасындағы техникалық соло (финал):

  • Алтын – Карина Магрупова, 240.1600 ұпай
  • Қола – Ясмина Исламова, 204.0066 ұпай

Ерлер арасындағы техникалық соло (финал):

  • Алтын – Виктор Друзин, 228.1708 ұпай
  • Күміс – Эдуард Ким, 223.5584 ұпай

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар топтық еркін бағдарламада да алтын жүлдеге қол жеткізді. Олар 267.0639 ұпай жинап, ең жақын қарсыластарынан 80 ұпайдан артық нәтижемен көш бастады. Cонымен қатар, топтық техникалық бағдарламада (221.9525) тұғырдың биігінен көрінді.

Команда құрамында Анна Павлецова, Ксения Макарова, Айгерім Құрманғалиева, Ясмин Тұяқова, Ясмина Исламова, Валерия Столбунова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова болды.

Азия чемпионаты су спорттарының барлық түрі бойынша 28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Қытай мен Жапониядан кейін үшінші орында тұр. Бүгінде спортшыларымыздың қоржынында 5 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль бар.


Фото: Instagram

Дереккөз: Tengrinews

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше