Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайының сөзіне жауап берді

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында экс-әйелі Мөлдір Мұқанованың сұхбаттағы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 04 ноября 2025, 11:17
Тұрсынбек Қабатов
Instagram: @tursynbek_kabatov_resmi

Қабатовтың айтуынша, ол балаларымен байланысын үзген емес.

«Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттап қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!», —

деп жазды Қабатов.
Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайының сұхбатына жауап берді
Instagram/stories: @tursynbek_kabatov_resmi

Еске салайық, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкешпен заңды түрде ажырасып кеткенін айтқан болатын. Оның айтуынша, 14 жыл бойы Қабатовтың өзге әйелмен байланысы болған. Сондай-ақ Мөлдір Тұрсынбек балаларын бұғаттап қойғанын да мәлімдеген еді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше