Қабатовтың айтуынша, ол балаларымен байланысын үзген емес.
«Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттап қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!», —
деп жазды Қабатов.
Еске салайық, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкешпен заңды түрде ажырасып кеткенін айтқан болатын. Оның айтуынша, 14 жыл бойы Қабатовтың өзге әйелмен байланысы болған. Сондай-ақ Мөлдір Тұрсынбек балаларын бұғаттап қойғанын да мәлімдеген еді.
Фото: Instagram