Белгілі продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова алғаш рет әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын растады. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.
Сұхбат барысында Мұқанова өміріндегі ең қиын сәт туралы ашық айтып, жұбайының 14 жыл бойы екінші отбасы болғанын мәлімдеді. Тұрсынбектің сатқындығы оның өміріне ауыр соққы болған.
«24-қабаттан секіргім келді. Тұрсынбек мені дер кезінде тоқтатты. Бұл өте ауыр кезең еді, таңертеңгі мезгіл болатын. Олардың бірге шетелге барғанын білдім. Ал мен ол кезде Дубайды көзіммен де көрмеген едім»,
– деді ол.
Мұқанованың айтуынша, жұбайы сапарға Дубайға іссапармен барамын деп кеткен. Алайда кейін ол жол жүру кезінде түсірілген бейнежазбадан оның қасында басқа әйел жүргенін байқап қалған.
«Түнде бүкіл отбасымызбен оны шығарып салдық, дастархан жайдық. Ол жұмыс бабымен барамын деді. Қайтып келген соң, сапарда түсірген видеосын көрсетті. Сол кезде экраннан оның қасында біреудің тұрғанын көріп қалдым. Содан кейін өзімді ұстай алмай, терезеге қарай ұмтылдым», –
деп еске алады Мұқанова.
Сұхбат барысында әнші алғаш рет жұбайымен ресми түрде ажырасқанын растады. Бұған дейін ол жеке өміріне қатысты пікір білдіруден қашып жүрген еді.
«Иә, біз ресми түрде ажырастық. Бұл шешім оңай болған жоқ, бірақ өмір жалғасады», –
деді ол.
Мөлдірдің айтуынша, Қабатов жылдар бойы ашық әңгімеден қашып жүрген. 14 жыл көзіне шөп салып, екінші әйеліне пәтер, бағалы әшекейлер сыйлап келген. Ал, бүгінде балалары мен Мөлдірді желіде бұғаттап тастаған.
Қазір Мөлдір Мұқанова шығармашылығына толықтай ден қойып, жаңа әндер жазып, музыкалық жобалар дайындап жатыр.
Фото: Instagram