Spotlight: Versace SS2024

Fashion month әлі аяқталған жоқ, ал келесі маусымға арналған трендтер жаңарып жатыр. Солардың бірі — біз Милан шоуларынан жиі көрген тор.

Әр түрлі дизайндағы және стильдеудегі принт, бірақ оларды біріктіретін — барлығы пастелді реңктерде. Бұл жерде бірінші орынды, әрине, Versace шоуы алды. Онда, тіпті, подиумның өзінде ақ-қара торд бейнеленді. Сән үйлері өз коллекцияларында классикалық принтті қалай түрлендіргенін бірге қарастырайық.

Белдемшелер

Шақпақ юбкалар бәрімізге таныс, бірақ оны әртүрлі стильде ктюге болады. MSGM шоуында біз пастелді-лаванда реңкіндегі шақпақ мини белдемшені базалық лонгсливпен көрдік. Бір жағынан жасөспірімдердің образдарын еске түсірсе, екінші жағынан, базалық киіммен үйлестіргеніне байланысты образ әмбебап болып көрінеді.

Принтті гардеробқа қалай енгізуге болады
Spotlight/ MSGM SS2024

Vivetta-да тізеге дейін қызғылт юбка және ақ көйлек, енді қатаң емес дресс-кодқа сәйкес келеді. Бірақ, егер сен классикалық стильді ұстанатын болсаң — Versace барлық пастельді реңктерде костюмдермен белдемшелерді көрсетті.

Принтті гардеробқа қалай енгізуге болады
Spotlight/ Versace SS2024
Сыртқы киімдер мен бешпет

Бұл нұсқаны киім үлгілеріңе қазір енгізсең болады! Шақпақ пальто көп болған жоқ, бірақ олар нәзік пастелді реңктерде де, классикалық қара және ақ түсте де ұсынылғанын және стильдер өте классикалық екенін атап өткен жөн. Ал, бешпеттер жеткі тігістерімен ерекшеленді. Біз саған астына базалық киімді таңдауға кеңес береміз. Өйткені, мұндай бешпеттерде принт бар. 

Принтті гардеробқа қалай енгізуге болады
Spotlight/ Versace SS2024
Көйлектер

Babydoll стиліндегі нәзік көйлектер, миди немесе шоулардағы шағын шақпақ көйлектердің көптеген нұсқалары болды, сондықтан әркім өзі үшін таңдау жасай алады! MSGM қоңыр торын осы маусымға шабыттандыруға болады, бірақ пастельді нәзік образдарды көктемге қалдыруға болады.

Spotlight/ MSGM SS2024

Фото: Spotlight

Поделиться: