Томирис Заир
Instagram: ss.tomiris_

20 жастағы Томирис Заир Сальвадордағы «Әлем аруы-2023» сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғады.

Томирис — «Алматы аруы-2022» және «Қазақстан аруы-2022» титулдарының иегері.

Ұлттық костюмдер шоуында Томирис қырғызстандық дизайнер Арзубек Амановтың көйлегін киіп шықты.

Байқауда ару жеңіске жете алмады, топ-20-ға да кірмеді. «Әлем аруы-2023» жеңімпазы Никарагуа аруы 23 жастағы Шейннис Паласиос.

Томирис Заир байқауға қатысу ол үшін маңызды тәжірибе болғанын айтып, отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Бұл мен үшін керемет тәжірибе және осындай ауқымды жобада сүйікті елімді таныстыру мүмкіндігі болды. Әрқайсыңызға, маған сенгендеріңіз үшін, сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет!Мен әлемнің түкпір түкпірінен келген қыздармен таныстым және олардың мәдениеттері туралы көбірек білдім»,

деп жазды Томирис Instagram парақшасында.

Фото: Instagram

Поделиться: