ең танымал бьюти-өнімдер
Фото: Courtesy of Sol De Janeiro

TikTok блогерлері сұлулыққа қатысты күмәнді кеңестер беретін шығар, бірақ олардың өнімдер таңдағанда талғамдары бар.

Trendalytics ең танымал өнімдерді жинады және біз ең қызықты бесеуін таңдадық.

Sacheu Beauty «мәңгілік» ерін контуры
ең танымал бьюти-өнімдер

Эффект бойынша бұл құрал мехендиге арналған хнаға ұқсайды. Қарындаш ерінде қатып қалады, оны ерін далабын қолданар алдында алып тастау керек, түсі 7 сағат тұрады. Қарындаштың ең танымал нюд, қызғылт және қоңыр нұсқаларын таба аласың. Өнімнің танымалдығы өткен жылы +625%-ға өсті.

Alo Yoga магний спрейі
ең танымал бьюти-өнімдер

Оның құрамында магний ғана емес, сонымен қатар арника, валериан және ароматерапия майлары бар. Брендтің айтуынша, бұл саған да, теріңе де демалуға көмектеседі. Соңғы аптада TikTok-та 27000 + жаңа сұраныс тіркелді.

D.S. & Durga ұсынған пісте хош иісі

Бұл бренд ерекше хош иістермен танымал, бірақ бұл жолы TikTok-та классикалық дәмді комбинация — пісте пайда болды. Соңғы жылдағы сұраныс 313%-ға өсті!

Бетті тазартуға арналған құрылғылар

Иә, мицеллярлық өнімдерден, гидрофильді майдан, гельдерден және көбіктенетін бет жуғыштардан бөлек, бьютиголиктер күнделікті өмірге тазартқыш құрылғыларын қосуға тырысады. Биыл пайдаланушылар оларды төрт есе жиі іздеді.

Sol de Janeiro спрейлері

Олар арзан, хош иісті, сондықтан әр 8 секунд сайын кем дегенде бір бөтелке сатылады. TikTok-та қаралым саны 600 миллионнан асқаны таңқаларлық жағдай емес.


Поделиться: