Телефон нөмірлерін
Unsplash: Wesley Hilario

Бұл шаралар ғаламтор-алаяқтармен күресу үшін қабылданады.

Ол үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (ӘҚБтК) түзетулер жобасы әзірленді, деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха.

«Осы уақытқа дейін абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін жауапкершілік болған жоқ, бұл іс жүзінде азаматтарға осындай әрекеттерді де кедергісіз жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта бұл олқылық жойылуда»,

делінген хабарламада.

Егер әкімшілік кодекске түзетулер бекітілсе, онда жеке тұлғаларға сатып алынған SIM-карталарды басқа адамдарға бергені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар, ЦДИАӨМ байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына түзетулер әзірледі, оған сәйкес азаматтардың телефон нөмірлерін тіркеу кезінде биометриядан өтуге міндеттеледі. Бұл шара азаматтық жауапкершілікті арттырады және ұялы байланыс қызметтерін пайдалану саласында тәртіп орнатуға мүмкіндік береді, деп есептейді ІІМ.

Бұл шаралар негізінен шетелден қазақстандықтармен байланысатын ғаламтор — алаяқтармен күресу үшін қабылданады. Қазақстанда ауыстырылатын нөмірлерден ұялы телефонға қоңырау шалуға тыйым салынғанына қарамастан, алаяқтар саны артуда, дейді Игорь Лепеха.

Шектеулерді айналып өтудің екінші жолы — алаяқтар компьютерге немесе смартфонға IP және SIP телефония бағдарламаларын орнатады. Әрі қарай, қосымшалардың көмегімен (Gargona сияқты) олар өз нөмірлерін ауыстырады. Бұл манипуляциялар қылмыскерге анонимділікті қамтамасыз етеді және олардың мекен-жайын жерін анықтау мүмкін емес.


Ақпарат көзі: Caravan

Поделиться: