Мамандар ауырсыну мен қолайсыздықтың 6 себебін талдайды.
Егер сен тампондарды қатты қолданғың келсе, бірақ ауыртса және оның неліктен болып жатқанын түсінбесең, дәрігерлер POPSUGAR-ға берген сұхбатында оның себептері туралы айтты. Және олар мүлдем қорқынышты емес!
- Сен тампонды жеткілікті терең салмайсың. «Тампон қынапқа дұрыс енгізілсе, ауырмайды. Егер ол дұрыс салынбаса, онда бұл ыңғайсыздық сезімін тудырады және үйкеліске байланысты ауырсыну тудырады», – дейді медицина ғылымдарының докторы Шерри Росс.
- Сен оны дұрыс емес бұрышпен енгізесің. Егер тампонды салу кезінде ауырып кетсе, оны дұрыс кіргізбеуің мүмкін. «Ешқашан тампонды жоғары қарай итеруге тырыспа. Оны сәл артқа еңкейту керек, сол кезде ауырсыну болмайды», – деп кеңес береді гинеколог Алисса Двек.
- Сен дұрыс емес өлшемді таңдадың. Мүмкін, ең сіңімділігі жоғары тампондарды сатып алудың орнына, ең кішкентайынан бастау керек шығар.
- Сенің тампоның хош иістендірілген. Егер сен аллергиялық реакциялар мен тітіркенуге бейім болсаң, тампондардың хош иісті эссенцияларсыз болғанын қадағалауың керек.
- Пластикалық аппликатор. Кейбір тампондарда пластикалық аппликатор бар. Ол тампонды енгізу кезінде қынапты тырнауы мүмкін.
- Саған лубрикант қажет. «Қатты етеккір кезінде тампонды салу оңай. Менструация аз болған кезде қосымша майлау қажет болуы мүмкін», – дейді доктор Бартос.
Фото: Pexels
Поделиться: