TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылды

TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болды.

«TikTok-тың жетекші қысқа бейне платформасы қолданбаны үнемі пайдаланушыларға ыңғайлы және қолжетімді етуге тырысады. TikTok-та қосымшаның енді қазақ тілінде де қолжетімді екенін хабарлауға қуаныштымыз. Қазақ тілін таңдау мүмкіндігі Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның соңғы шығарылымында пайда болды»,

делінген хабарламада.

Сондай-ақ, платформа TikTok желісінің қандай мазмұнды орналастыруға болатынын және тыйым салынатынын түсіндіретін ережелерін де қазақ тіліне аударды.


Фото: Pexels

Поделиться: