Ким Кардашьян сүйікті өнімі

Ким Кардашян көптеген beauty-құралдарды қолданады, бірақ соның ішіндегі бір ғана сүйікті өнімі бар. Ол 40 жастан асқан әйелдердің тері күтімі үшін өте қолайлы.

Жарты жыл бұрын Ким Кардашян өзінің Skin by Kim атты бет күтіміне арналған өнімдерін шығарған болатын. Бірінші қатарда ол бет жуатын өнімді, тоникті, гиалурон қышқылы мен С дәрумені бар сарысуын, бет кремін, көзге арналға кремді, бет майын және түнгі майды ұсынған болатын. Содан кейін ол мен үшін мінсіз бет күтіміне арналған өнімдер осы деп айтқан болатын. Қазір Ким өз сөзінен таймады, бірақ Refinery29 сұхбатында ол тек бір өнімсіз өмір сүре алмайтынын мойындайды.

«Менің өмірімде косметолог Джоанна Чех пайда болғанға дейін мен ешқашан майларға құмар болған емеспін. Барлығында майлары бар қоректік заттар мен кремдер болды. Ал, мен тек загар алуды жақсы көрдім. Менің майларға деген сүйіспеншілігім жасым келе пайда болған сияқты. Енді мен оларсыз өмір сүре алмаймын»,

дейді Ким.
<strong>Ким Кардашьян өзінің сүйікті beauty-өнімдерін атады</strong>

Екінші орында-қышқылдары бар өнімдер. Әлбетте, Ким бұрын күнге қыздырынуды жақсы көргендіктен, ол қышқылдарды қолданбаған (өйткені олар теріні қабыршақтайды). 

<strong>Ким Кардашьян өзінің сүйікті beauty-өнімдерін атады</strong>

«Мен қышқылдарды қазіргідей жиі қолданған емеспін. Жақында менде қайтадан безеулер пайда болды, олар кетпеді. Менің ойымша, бұл менің терімді жеткілікті қабыршықтамағандықтан болды. Енді мен мұны аптасына екі-үш рет жасаймын», – деп қосты Ким.


Фото: skknbykim/ Instagram/ @kimkardashian

Поделиться: