Хайлайтерді қолданудың 5 тәсілі
Instagram: @hoskelsa

Бет сүйектері мен мұрынның ұшынан бөлек хайлайтерді қызықты пайдаланудың бірнеше түрлері бар.

Ылғал әсері бар жарқыраған тері мен макияж трендте. Жарқырау, айтпақшы, әр түрлі болуы мүмкін: үлкен жылтырлармен, нәзік жылтыр — таңдау сенікі. Хайлайтерді қолданудың ерекше тәсілдерін ескер! 

Қандай хайлайтерді таңдау керек?

Нәзік жарқылды ұнататындар кремді хайлайтерге назар аударуы керек. Өте табиғи көрінеді. Ал егер, қаттырақ жарқырағың келсе, кремді түрі саған келмейді. Құрғақ хайлайтерді таңдаған дұрыс. Қалаған нәтижеге жеткенше оны бірнеше рет қабаттастыра жаға аласың. 

Тоналді кремге хайлатерді қос

Бұл терінің жылтырап тұрғанын қалайтындар үшін beauty-хак. Ылғалды терінің әсерін жасау үшін тоналді кремге сұйық хайлайтерді бірнеше тамшысын қос. Мұқият араластырып, теріге жақ. Содан кейін Т-аймаққа аздап опа жақсаң болады, сонда бұл жарқырау түрінде майлы жылтыр әсер болмайды.

@enzo.villacorta Living that ✨Fresh Face Fantasy✨ #makeuphacks #fyp #foundation #highlighter #fresh #glassskin #colourettecosmetics #happyskin ♬ positions — Ariana Grande
Жылтыр сызықтар

Әр күн үшін әдемі және ерекше макияж идеясы. Көзіңе жылтыр сызықтарды сызу арқылы күнделікті макияжды жарқын ете аласың. Түрлі-түсті немесе қою хайлайтерді (палитраларда жиі кездеседі)таңдап сызықты сыз — дайын!

Тырнақтағы хайлайтер

Бет терісіне ғана емес, тырнақтарға да хайлайтермен әдемі жылтыр беруге болады. Әр түрлі тәсілдер бар. Мысалы, маникюр сүрткішін хайлайтермен ауыстыр. Немесе оны құрғақ жылтырдың орнына тырнаққа жақ.

@dewylouie Replying to @Jessica Li hailey bieber nails at home 💅 #tutorial #haileybiebernails #glazeddonutnails #diy #nails #college #nailinspo ♬ Love You So — The King Khan & BBQ Show
Ерін далабындағы хайлайтер

Бұл сұлулық хакері бір күні пайдалы болатыны сөзсіз. Керемет жылтыр ерін жылтыратқышын жасау үшін оған аздап хайлайтер қос. Өнімдерді араластыр. Айтпақшы, көзге арналған өнәмдермен де солай жасауға болады.

@lera_valesta

Highlighter under lipgloss😍✨

♬ оригинальный звук — lera_valesta
Құлақ, мойын және иыққа хайлайтер жағу

Дененің кез келген бөлігіне хайлайтерді жаға аласың. Иығы ашық көйлек кигенде, осы хакты қолдана аласың. Алдымен, теріге май жағып, содан кейін хайлайтерді жақ. Осылайша, сен әдемі жылтыр нәтижеге қол жеткізесің.


Фото: Instagram

Поделиться: