Unsplash: Nathan Dumlao

Көптеген адамдар мазасыз кезеңдерді тамақ арқылы басқаруды жөн көреді. 

Оған қоса, кейбір өнімдерде психикалық және жүйке шиеленісу деңгейін жоғарылататын компоненттер бар.

Кофе 

Стрессті арттыратын ең маңызды тағамдардың бірі — кофе. Дәлірек айтқанда, сусынның құрамына кіретін кофеин. Ол сондай-ақ жасыл шай, энергетика және тәтті газдалған суда кездеседі. Оның жоғары дозалары дегидратацияға, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауынажәне қан қысымының көтерілуіне әкеледі. 

Стресс пен мазасыздықты арттыратын 5 тағам
Unsplash: Jarek Ceborski

Қант

Кондитерлік өнімдер мен нан өнімдері, оралған шырындар, энергетика, фаст-фуд, дайын тұздықтардың түрлері сияқты қант мөлшері жоғары тағамдар психикалық денсаулыққа кері әсер етеді. Құрамында қант бар тағамдарды шамадан тыс тұтыну қандағы адреналин деңгейінің жоғарылауына әкеледі, кальций мен магний метаболизмін бұзады, нейротрансмиттерлердің реттелуін нашарлатады.

Тұз

Тұзды шамадан тыс тұтыну денеге артық қант сияқты әсер етеді. Жүрек-қантамыр жүйесіне ең көп әсер етеді, өйткені тұздалған тағам қан қысымының жоғарылауын тудырады. Оны қалыпқа келтіру үшін денеде стресс гормоны адреналин түзіледі. Нәтижесінде адам одан да ашуланшақ және мазасыз болады. 

Стресс пен мазасыздықты арттыратын 5 тағам
Unsplash: Piret Ilver

Тағамдық қоспалар

Стресстік жағдайларда диеталық қоспалардан, әсіресе жасанды натрий глутаматынан аулақ болу өте маңызды. Ең көп мөлшерде олар тез кеспе, шұжық, чипсы, өңделген тағамдар мен фаст-фудта кездеседі. Көп мөлшерде натрий глутаматы қан қысымы мен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкеледі.

Unsplash: Jonathan Taylor

Ішімдік 

Ішімдік стрессті жеңуге көмектеспейді. Шарап мазасыздықты төмендетуі мүмкін деген қазіргі пікір — бұл миф. Ішімдік депрессант болып табылады, серотониннің (қуаныш гормоны) қысқа мерзімді өндірілуінен кейін денеде тетрагидроизохинолиннің белсенді бөлінуі басталады.

Мазасыздық жағдайынан басқа, адамның физикалық әл-ауқаттың нашарлауына әкеледі. Өйткені, миға әдеттегі қарқынын қалпына келтіру өте қиын болады. Сонымен қатар, интоксикациядан кейінгі кезеңнің жанама әсерлеріне байланысты мазасыздық деңгейі жоғарылайды.

Әрине, жоғарыда сипатталған тағамдарды мәзіріңнен толығымен алып тастауға болмайды. Мысалы, қант пен тұз ағзадағы кейбір процестердің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Дегенмен, алаңдатарлық сәттерде бұл өнімдер мен заттарды пайдалануды азайту керек. Күйзелістен арылу үшін басқа әдістерді таңдаған дұрыс. Бұл спортпен шұғылдану немесе ашық ауада серуендеу болуы мүмкін. Есіңде болсын, бәр өз орнымен болу керек.


Фото: Unsplash

Ақпарат көзі: Rambler

Поделиться: