Снуп Догг шапан
Shutterstock: Jacob giampa

Американдық рэпер Снуп Догг өзінің Instagram парақшасында жаңа видео жариялады. Онда әртіс қазақтың ұлттық шапанын киді.

Шапанның авторы қазақстандық дизайнер Аида Кауменова видеоға пікір қалдырды қалдырды.

«Мен өте бақыттымын! Қазақтың ұлттық шапаны», — деп жазды дизайнер посттың астына. Қазақстандық  рэпердің жанкүйерлері де бей-жай қалмады. 

«Снупи, сіз қазақ киімінде керемет көрінесіз», «Қазақтық ұлттық киімі сондай әдемі», — деп жазды олар. 

Бұған дейін қазақстандық продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында рэпер Снуп Догг Баян продюсерлік ететін КешYou тобымен дуэт жазғанын жариялаған болатын. 

Ол, сондай-ақ, Аида Кауменоваға Snoop Dogg үшін арнайы костюм жасағаны үшін алғысын білдірді.


Фото: Instagram

Поделиться: