Шымбұлақ Гиннестің рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша енді.

Guinness World Records кеңсесінің судьясы Шейд Субаси Гемичи Шымбұлақтың бас директоры Абдрахманов Ринатқа рекордты растайтын сертификат табыс етті.

«Биіктігі 3200 метр болатын ең биік түнгі шаңғы баурайы»,

делінген сертификатта.

Өз кезегінде Шымбұлақтың бас директоры қазақстандықтарды тарихи күнмен құттықтады.

«Бүгін бәріміз үшін өте маңызды күн. Біз әлемдік рекорд орнатудың куәсі боламыз. Біз үшін бұл өте қиын, қымбат және құрылыс аясында – өте қысқа мерзімде болды. Армандаудан қорықпаңдар, өйткені арман мақсатқа, ал мақсат – шындыққа айналады»,

деді Ринат Әбдірахманов.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов рекордты бекіту туралы пікір білдіріп, оны «елдің мақтанышы» деп атады.

«Бұл тек алматылықтардың ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы. Барлығын құттықтаймыз. Шымбұлақ туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады»,

деді министр.

Айтпақшы, ең ұзын түнгі жолдың рекордын орнатудың ең төменгі биіктігі теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте болған.

«Мен Шымбұлақ тау курорты Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік түнгі трасса ретінде ресми түрде енгенін хабарлауға қуаныштымын»,

деп атап өтті Guinness World Records судьясы.

Фото: Unsplash/ Ilnur Kalimullin

Поделиться: