Майлы шашқа арналған өнімдерді сатып алмас бұрын күте тұр: сен шашты тезірек ластайтын осы үш қателікті жіберіп жүрген боларсың.

Шашымыз тез майлы болған кезде, біз дененің ерекшеліктерін, қала шаңын, жаман сусабынты кінәлаймыз, бірақ ешқашан өзіміз қателесеміз деп ойламаймыз. Бұл туралы дерматолог доктор Линдси TikTok-та айтты. Жаңа видеода ол оңай түзетуге болатын майлы бас терісінің себептері туралы айтты.

  1. Сен тарақты сирек жуасың. «Бірінші және ең көп таралған себеп — сен тарақты сирек жуасың. Онда көптеген бактериялар, майлар жиналады және олардың барлығы бас терісіне түседі. Бұған жол бермеу үшін тарақты аптасына бір рет үнемі жуу керек», – дейді доктор Линдси.
  2. Сен түнде шашыңды жинап ұйықтайсың. Доктор Линдсидің айтуынша, осының кесірінен барлық май бас терісіне шоғырланады, содан кейін сен майлы шашпен оянасың. Сондықтан бұрымыңды босатып, төменге жина немесе бос шашпен ұйықта.
  3. Сен шашқа арналған май қолданасың. «Майлар шаш күтімі үшін танымал болғанымен, тіпті олардың өсуіне ықпал етсе де, шашты майлы қылады», – деп түсіндіреді сарапшы. Видео 450 мың қаралым және 31 мыңнан астам лайк жинады. Оқырмандар мынадай пікірлер қалдырып жатты: «О, Құдай, мен бұл туралы тіпті білмедім. Рахмет!»
@dermguru Greasy scalp problems 👀 #greasyhair #greasyscalp #hairtok #dermguru #greasyhairhack #greasyhairtips #greenscreen ♬ Monkeys Spinning Monkeys — Kevin MacLeod & Kevin The Monkey

Фото: Unsplash

Поделиться: