Шашты сирек жуудың 4 лайфхакы.

Таза шаш үшін күресудің ең қолайлы уақыты келді! Суық ауа-райы келгенде біз бас киім кие бастаймыз, оның астында бас терісі жиі терлеп, май бездері белсенді бола бастайды. 

Бас терісі, тіпті, қыста батареялардың жылуынан қабыршақтануы мүмкін. Сондықтан, тіпті, суық мезгілде де бас терің қосымша күтімді қажет етеді. Осы қыста шашыңның тазалығын ұзақ сақтау үшін бірнеше кеңестер жинадық. 

Бас терісіне арналған пилингті қолдан

Пилинг тек бет терісіне ғана емес, сонымен қатар бас терісіне де қажет. Ол терең тазарту процедурасын жасауға мүмкіндік береді! Пилинг артық шаңды, сәндеу өнімдерінің қалдықтарын кетіреді. Оның арқасында сенің шашың тез өсе бастайды, ал түп жағы күшті болады.

Басыңды жылы немесе салқын сумен жу

Болжап көрейік, сен қиын күннен кейін ыстық ваннаға түскенді ұнататын шығарсың? Ыстық су сенің денеңнің босаңсуына көмектеседі, өкінішке орай шашыңа зиян тигізуі мүмкін. Мұндай жоғары температура  шашты сынғыш етеді, боялған шаштан пигментті тезірек жуады және май бездерінің жұмысын күшейтеді. Сондықтан басты жылы сумен жуған дұрыс, бірақ ыстық емес.

Шаш кептіру кезінде ыстық ауадан аулақ бол

Шаш кептіргішпен немесе брашингпен шашты жиі кептірме, өйткені ыстық ауа қайызғақ өндірісін ынталандырады. Ең дұрысы — шашты салқын ауамен кептіру. Осылайша, шаш қызып кетпейді және ылғалдылығын жоғалтпайды.

Бас терісіне арналған маскаларды қолдан

Күтім маскалары шаштың ұзындығына ғана емес, бас терісіне де қажет. Пилинг әсері бар маскаларды таңда немесе тыныштандыратын. Егер сен қайызғақтан зардап шегетін болсаң, онда осы проблемамен күресетін маскаларды сатып ал. Ең бастысы — бас терісіне кәдімгі шаш маскасын қолданба!


Фото: Pexels

Поделиться: