Шайдың ең пайдалы түрлері
Unsplash: Jessica Mangano

Кейбір шайлардың денсаулыққа пайдасы басқаларға қарағанда көбірек. Бұл олардың құрамында антиоксиданттардың, полифенолдардың және басқа да пайдалы қоспалардың көп болуына байланысты.

Көк шай. Антиоксиданттардың жоғары концентрациясына байланысты шайдың ең пайдалы түрлерінің бірі болып саналады. Оның артықшылықтарына салмақ тастауға көмегі, мидың жұмысын қолдау және жүрек денсаулығына пайдасы кіреді.

Қара шай. Ол холестеринді төмендетуге, ішек денсаулығын жақсартуға және қан қысымын төмендетуге көмектесіп, жүректі қалыпты ұстайды. Сондай-ақ, бұл сусын инсульт, деменция қаупін төмендетеді.

Жалбыз шай. Онда кофеин жоқ және ас қорытуды сақтауға көмектеседі.

Түймедақ шайы. Ол тыныштандыратын әсерімен танымал. Оның құрамында көптеген антиоксиданттар бар, олар бірқатар аурулардың, соның ішінде жүрек ауруы мен қатерлі ісіктің даму мүмкіндігін азайтады. Түймедақ ұйқының сапасын жақсартады. Сонымен қатар, ас қорытуға көмектеседі, етеккір ауырсынуын азайтады.

Бақбақтан жасалған шай. Онда бауырдың денсаулығын қолдайтын, ас қорытуды ынталандыратын, қабынуды азайтатын көптеген дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар бар.

Ақ шай. Бұл ең аз өңделген шай. Ол негізінен Camellia Sinensis өсімдігінің жас жапырақтары мен бүршіктерінен алынады. Сусынның құрамында антиоксиданттар көп. Сонымен қатар, оның құрамында кофеин аз.

Unsplash: Alice Pasqual

Ройбуш шайы. Ол антиоксиданттарға бай. Бұл заттар қатерлі ісік пен жүрек ауруының даму мүмкіндігін төмендетуі мүмкін. Аталмыш шай тыныштандыратын қасиеттерімен де танымал.

Гибискус шайы. Бұл сергітетін сусынның құрамында антиоксиданттар, С дәрумені және бета-каротин бар. Ол, сондай-ақ, қан қысымын төмендетуге көмектеседі, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жалпы жағдайын жақсартады.

Зімбір шайы. Оның құрамында антиоксиданттар мен гингерол сияқты биологиялық белсенді қоспалар көп. Олар күшті қабынуға қарсы және антиоксидантты әсерге ие. Осындай шайдың арқасында ас қорыту ыңғайсыздығын жеңілдетуге, жүрек айнуын басуға, созылмалы аурулардың пайда болу қаупін азайтуға болады.


Фото: Unsplash

Поделиться: