шабдалы макияж
Фото: Spotlight/ Viktor & Rolf SS2024

Үлкен артықшылығы — ол көздің астындағы қара шеңберді жасырады.

Pantone түстер институты қыста Peach Fuzz (шабдалы үлпегі) 2024 жылдың түсі деп атады. Жылы реңк тыныштық сезімін білдіреді. Осы көктемде нағыз қажет зат.

Allure-ге берген сұхбатында Нью-Йорктегі бет әрлеуші мамандар әдетте Pantone жылдың түсі сұлулық трендтеріне әсер етпейді дейді, бірақ бұл жолы емес. 

«Шабдалы түсі кез-келген макияжға үйлесе кетеді, сондықтан мұндай бет әрлеу үлгісі танымал болып кетті. Сонымен қатар, ол көздің астындағы дақтар мен гиперпигментацияны жақсы жабады»,

дейді бет әрлеуші Томми Наполи.
Фото: Spotlight/ Prada SS2024

Сәнді реңктегі өнімдерді таңдағанда бірнеше қарапайым ережелерді есте сақтау керек. Оларды маман Мин Мин Ма тізіп шықты: «Теріңнің түсі неғұрлым ашық болса, соғұрлым жұмсақ шабдалы реңкін таңдау керек. Керісінше: тері түсі неғұрлым күңгірт болса, соғырлым өріктен апельсинге дейінгі ашық реңкті таңдауға болады». Ол сәтті таңдалған түс бетте, ерінде және көзде жақсы көрінетініне сенімді, бірақ қызғылт сары өнімдерден жасалған мономакиажда абай болу керек екенін ескертеді. Егер сен оны асыра сілтеп жіберсең, біртүрлі болып қалады.

Ең сәтті түс комбинацияларының идеяларын макияж суретшісі Бриэль Поллара ұсынады: «Шабдалы түсін алтын жарқылмен немесе ақ көз сызығымен үйлестіруге болады. Сол кезде макияж толық аяқталған болып көрінеді, ал көздерің жарқын және ашық болады». 


Фото: Spotlight

Поделиться: