Сеулдағы баруға болатын 5 қызықты жерлер
Unsplash: Bundo Kim

Оңтүстік Кореяға жиналған туристер көбінесе Сеулге барады.

Және олар баратын көптеген жерлер өте танымал болып кетті. Көпшілікті Намсан тауындағы Сеул мұнарасы, Хан өзені немесе Мендон көшесі қызықтырады. Бірақ, Сеулде көптеген жасырын ғажап жерлер бар, олар ерекше, бірақ қатты танымал емес. Міне, дәстүрлі туристік маршруттарға кірмейтін Сеулдің 5 қызықты орны.

1. Ансан Джарак-Гиль тау соқпағы: Егер сен демалатын орын іздесең және табиғаттың құшағында болғанды ұнатсаң, онда бұл саған арналған орын. Одан да жақсысы, бұл орман жолы мүгедектер арбасына қол ыңғайлы.

2. Lotte World Tower зәулім ғимаратындағы Sky Bridge көпірі: 2020 жылы ашылған. Саған BTS-тегі Шуга мен RM Сеулге құстардың көзімен қараған көпір ретінде таныс шығар. Бірақ, бұл жер биіктіктен қорқатындарға арналмаған.

3. Чхонвадэ: Сеулде болған кезде көп адамдар Намсан мұнарасы, 63 ғимараты (Юксам ғимараты) және Сеул орманы сияқты көрнекті жерлерге баруды ойлайды, бірақ Сеулде Чхонвадэ-ні де көруге болады, ол 1948 жылдан бері Оңтүстік Корея президенттерінің ресми резиденциясы болып табылатын көк үй деп те аталады.

4. Seoullo 7017 саябақ-эстакадасы: Сеул станциясының жанындағы саябақ ескі жер үсті орнында салынған және 17 жаяу жүргіншілер жолынан тұрады. Гүлдер мен ағаштараймақты безендіріп, ерекше көрік беріп тұр.

5. Сунгшин әйелдер университетінің сауда аймағы: Тондэмун базарынан бірнеше аялдамадағы бұл сауда аймағы ең танымал жергілікті тағамдарды сататын дәстүрлі Тонам Чеиль базарымен танымал.


Фото: Unsplash

Ақпарат көзі: YesAsia

Поделиться: