Instagram: @asselsadvakassova
АҚШ-қа кеткен қазақстандық актриса, әнші және продюсер Әсел Сәдуақасова осы қиын жылды аяқтай отырып, қандай қорытынды жасағанын айтты.
Актриса өзінің 2024 жылғы қорытындысын жазды. Ол биылғы жылы өмірінде «жалпы тазалық» жасағанын және бәрін орнына қойғанын атап өтті.
«Менің физикалық, психикалық, эмоционалдық денсаулығым — ең маңыздысы. Ең маңызды инвестиция — өзіме, өзімнің дамуыма…
Қоршаған орта саған қатты әсер етеді және қасыңда кім жүргені маңызды. Кері қайтару, тоқтау — бұл шығын емес, бұл сенің өміріңді қайта қараудың маңызды уақыты…
Сенікі емес нәрсенің бәрі кетеді немесе сен өзің бас тартасың. Сенікі болған заттың бәрі сенімен бірге қалады. Басты қорытынды — өмір алуан түрлі, ол жаман да, жақсы да емес, ол жай ғана әр түрлі»,
деп жазды Әсел.
Ол болып жатқан барлық нәрселерге жеңіл қарай бастағанын, өзіне талапшыл болуды тоқтатқанын айтты. Актриса «қараңғы түннен кейін таң атады» деп сенеді. Жанкүйерлер Әселдің әрбір сөзі олардың жүрегіне жеткенін жазды.
Фото: Instagram