Say Mo Шако

Күні кеше ғана жарыққа шыққан Шако-ның сұқбатына әнші жауап берді.

Сұқбатта Шарип Серик Мөлдірге тек жақсылық тілейтінін, шынайы махаббатты сезіндіргені үшін, жақсы күндер үшін алғыс білдіретінін айтқан болатын. Дегенмен, Шаконың бірқатар сөздері әншінің шамына тиіп кеткен сияқты. 

Say Mo-ның айтуынша, екеуінің арасында болған мәселе толығымен ашылып айтылмаған. Сонымен қатар әнші:

«Есірткі, ішімдікке тәуелділік, көзге шөп салу сияқты мәселелерді неге қозғамадың, неге бүкпей ашық айтпадың? Өзіңнің шындығыңды бірден ажырасқаннан кейін берген сұқбатыңда айтуың керек еді, 2 жыл өтіп кеткеннен кейін емес»

деді өзінің инстаграм парақшасында.

Өзінің жазбасында әнші ажырасуға өтініш білдіруінің себебі Шако-ның анасының араларына түсуі ғана емес, сонымен қатар, өзіне деген қарым-қатынасының дұрыс болмауы да әсер еткен. Барлық мәселерді бақылай отыра, болашағымыздың жоқ екеніне көзім жетті дейді.

«Мен әрқашан өзімді, өзімнің еркіндігімді таңдаймын».

деді Say Mo.

Фото: Instagram/@say_mo__

Поделиться: