Салтанат Серкебаева алғаш рет ана атанбақ
Instagram: serkebayeva_online

Қазақстандық тележүргізуші және актриса Салтанат Серкебаева әлеуметтік желіде жақсы жаңалықпен бөлісті — ару тұңғышын күтуде.

Еске сала кетейік, көктемде Салтанат Серкебаева Мальдив аралдарынан сүйіктісімен жарқын суреттер көрсетті . Актрисаның тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Желіде «Сырға салу» рәсімі мен үйлену тойының кадрлары жарияланып жатты. 

Салтанат жанкүйерлеріне ана болуға дайындалып жатқанын айтты. 

«Мен өзімді періште сияқты сезінемін», – деп жазды Салтанат инста парақшасында. Видеода болашақ ана иықтары ашық ақ түсті көйлек киді, артында үлкен ақ қанаттары болды.

Актрисаны қуанышымен құттықтаймыз!

Поделиться: