Instagram: aitym

Салтанат Нүкенованың отбасы Бишімбаевтар сот процесіне ықпал етуге тырысуы мүмкін деп күдіктенеді.

Қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді КТК-ға берген эксклюзивті сұхбатында Салтанаттың отбасы ешқандай жеңілдік жасамайтынын мәлімдеді.

«Бұл жерде татуласу туралы сөз болуы мүмкін емес. Кешіруге, тіпті, бұл туралы ойланайтындай аяғымызды басып кеткен жоқпыз. Біз соңына дейін барамыз. Ең жақын адамымыздан айырылдық. Енді шегінбейміз»,

деді Айтбек Амангелді.

Салтанат Нүкенованың отбасы Бишімбаевтар сот процесіне ықпал етуге тырысады деп қорқады. Сондықтан марқұмның ағасы соттың ашық режимде өтуін талап етеді.

«Менің білуімше, оның айналасында соңғы сәтке дейін билікке тікелей қатысы бар адамдар өте көп болды. Ашық іс пен журналистердің қатысуы сотты айқын етуге мүмкіндік береді. Енді бірдеңені жасыру, сөйлемеу немесе әділетсіз шешім шығару үшін ешқандай мүмкіндік болмайды»,

деді Айтбек Амангелді. 

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова кісі өлтіру ісі бойынша он бір том материал жиналғанын хабарлады.

«Бізге іс материалдарымен танысу үшін шамамен екі апта қажет болады. Күдікті мен оның адвокаттары үшін қылмыстық іс материалдарымен танысу уақыты шектелмейді. Сондықтан оларға көбірек уақыт берілуі мүмкін»,

деді адвокат.

Фото: Instagram

Поделиться: