Сәуір 2023 махаббат жұлдыз жорамалы

Сымбатты жігітке өз нөмеріңді қашан беру керек және қай кезде романтикалық кездесуден аулақ болған дұрыс? Жұлдыздар жауап берсін. 

Сәуірдің қай күндері танысу мен кездесулер үшін қолайлы екенін біл.

1 сәуір — танысу немесе сол күні бірінші кездесуге шығу сенің өміріңді 180 градусқа өзгертуі мүмкін. Осы күні оңай ғашық бола аласың! Бірақ бұл күні басталған роман ұзақ уақытқа жалғасатыны анық емес, бірақ оның жарқын және есте қаларлық болатыны сөзсіз.

2 сәуір — осы күні басталған қарым-қатынас қиындықпен дамиды, айырылысу кезеңдерінен өтуі немесе кедергілер мен тыйымдарға тап болуы мүмкін (мысалы, ата-аналар тарапынан).

3 сәуір — барлық адамдарға демалуға және бүгін болуы мүмкін барлық нәрселерден ләззат алуға кеңес береміз. Сондықтан өз нөмеріңді сымбатты жігітке ойланбастан бер. 

4 сәуір — осы күні танысқан адамға мұқият қарау маңызды. Расымен басы бос па? Сенімді ме? Сен, тексеруді де ұмытпа

5 сәуір — бұл күні басталған қарым-қатынас құмарлық пен күреске толы болады. Егер сен төзімді болсаң және кейде көнуге дайын болсаң, онда осы күні кездесуге шығуыңа болады . 

6 сәуір — қарым-қатынаста жұмыс істеу керек, ал бұл күні танысу жалқаулыққа әкелуі мүмкін және мұндай қарым-қатынастың қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Бірақ егер жаның махаббатты қаласа, онда батыл бол! 

7 сәуір — бос әңгіме, сенің қарым-қатынасыңмен бірге жүретін өсек-аяңның кесірінен жаңа танысу үшін өте қолайсыз күн. Егер танысу осы күні орын алса, онда кеңес — сөзбен емес, іспен дәлелдеу: бірге спортпен шұғылдану осы күні басталған романды жақсы жаққа өзгерте алады.

8 сәуір — бұл күні басталған қарым-қатынас кенеттен айырылысуға жақын. Олар көп азап пен мұң әкелуі мүмкін. Егер жүрегіңді жаралағың келмесе, онда бүгін романтикалық кездесуді ұйымдастырмағаның жөн.

9 сәуір — бұл күні танысу сабырлы және жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын адамдар үшін қолайлы. Бұл қарым-қатынастағы барлық кедергілерді жеңуге болады, ең бастысы, ниеттің болуы. 

10 сәуір — романтикалық мәселелерді шешуге арналған айдағы ең жақсы күндердің бірі. Сезіміңді білдір және кездесуге шақыруларды қабылда. 

11 сәуір — күні бойы дерлік ай курссыз, яғни күн тиімсіз энергияға толы. Бүгін бірінші рет жасауға тырысқанның бәрі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Немесе ең жақсы жағдайда саған қажетті нәтижені бермейді. Бұл, әсіресе, қарым-қатынасқа қатысты. Сондықтан, егер сен біреудің жүрегін жаулап алғың келсе, онда бірінші кездесуді басқа күнге ауыстыр.

12 сәуір — қолайсыз күн. Бүгін басталатын қарым-қатынастар үнемі жанжалдармен, даулармен аяқталады. Саған бұл керек пе? 

13 сәуір — күннің бірінші жартысы жаңа танысу үшін қолайлы. Бұрыңғы танысыңмен кездесе аласың, бірақ мұндай аспектілерде жаңа таныстықты өз өміріңе кіргізбеу дұрыс.

14 сәуір — егер осы күні қарым-қатынасты бастасаң, онда өзіңе сұрақ қою керек — расымен қарым-қатынаста болғың келе ме, әлде толық еркіндікті қалайсың ба? 

15 сәуір — бұл күні, тіпті, өзін еркіндікті сүйетін деп санайтындар үшін де танысып, кездесуге барған жақсы. Торға ұшып бара жатқан құстар да олардың артынан есік жабылып, өмір бойы торда отыратындарын білмейді. Сондықтан, осы күні кездесуге барғанда, бәрі байыпты және ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін біл.

16 сәуір — бұл күні басталған романтика  қарым-қатынасқа ұласатыны сөзсіз. Егер кездесуге баруға күмәндансаң, онда бас қатыруды доғар, ойланбастан келіс. 

17 сәуір — танысу мен алғашқы кездесулерге арналған тағы бір романтикалық күн. Қарым-қатынасқа толық дайын болсаң, тек алға! 

18 сәуір — жақсы күн. Қарым-қатынас, әрине, беріктікке тексеріледі, бірақ сонымен бірге әдемі, қуанышқа толы болады! Егер 18 сәуірде кездесуге бару мүмкіндігі болса, оны пайдалан. 

19 сәуір — осы күні басталған қарым-қатынас өте бақытты болуы мүмкін. Егер кездесетін ешкім болмаса, танысуға арналған желіні аш, құрбыңды алып, кафеге, жаттығу залына немесе клубқа бар.

20 сәуір — қарым-қатынасты бастау үшін осы айдың тағы бір тамаша күні.

21 сәуірден 30 сәуірге дейін — жаңа таныстық үшін қолайсыз уақыт, өйткені бұл кезеңде Меркурий ретроградты болады. Мұндай күндер қарым-қатынастағы адамдар үшін араларын жақсартуды, мінез-құлқыңды қайта қарауды және егер ажырасу импульсивті және асығыс болса, бұрыңғы қарым-қатынастарға қайта оралуды ұсынады. Қысқасы, екінші мүмкіндік бере аласың, ал жаңа таныстық пен кездесулерге жол жоқ. 


Фото: Pexels/ Ron Lach

Поделиться: