Instagram: rozarymbaeva

Роза Рымбаева Instagram-да немересі Зейнмен әсерлі видео жариялады. Желі қолданушылары әншіге шөберелерін көруді тіледі.

Роза Рымбаева өзінің жалғыз немересіне деген сезімін көпшілік алдында білдірді. Кадрда кішкентай Зейн ұшақта әжесінің тізесінде отырғанын көруге болады. Рымбаева сәбиге иллюминатордан табиғаттың сұлулығын көрсетті, содан кейін бала оны құшақтап алды. «Мен саған бүкіл әлемді көрсетуге дайынмын», — деп жазды Роза Қуанышқызы әсерлі бейнероликке.

Бейнежазбаға баланың ата-анасы Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай, сондай-ақ,  Рымбаеваның басқа әріптестері Роза Әлқожа мен Толқын Забирова пікір қалдырды. 

Роза Қуанышқызы шығармашылығының жанкүйерлері де жылы сөздерін жаза кетті. 

«Сізге Зейн әкелетін барлық қуаныштарды көруіңізді тілеймін», «Қандай тәтті», «Жаным, Роза апайды құшақтайды. Енді Мәдидің немерелерін көруді нәсіп етсін», «Қандай сүйкімді видео», «Бақытты әжесіз, сіз үшін қуаныштымыз», — деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: