Рианна өзінің Fenty Beauty

Атақтылардың өнімдері үлкен сұранысқа ие. Дегенмен, қай жұлдызға ең көп сенеді?

Cosmetify платформасында атақты сұлулық брендтер туралы жыл сайынғы зерттеу шықты. Сайт компаниялардың табысына, ескертулеріне, танымалдылығына және сұраныстарына негізделген жұлдыздардың ең табысты 20 сұлулық брендтерінің тізімін жариялады.

Рианна өзінің Fenty Beauty брендімен бірінші орында. Әнші 9.76 ұпаймен көшбасшы орынға ие болды. Атақты бренд соңғы екі жылда тек өсіп, қарқын алды. Болашақ ананы өзінің сұлулық компаниясының жетістігімен құттықтауға болады деп ойлаймыз.

Рианна, Кайли немесе Селена: 2023 жылы кімнің beauty-бренді ең табысты болды?

Екінші орында Кайли Дженнердің Kylie Cosmetics бренді. Модель өз компаниясын 2014 жылы құрды. Оның ерінге арналған өнімдері әлі күнге дейін өте танымал, ұпай саны 9.64. 

Рианна, Кайли немесе Селена: 2023 жылы кімнің beauty-бренді ең табысты болды?

Селена Гоместің Rare Beauty бренді 8.97 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты. Алайда, аталмыш бренд Google сұраныстарының рейтингінде бірінші орынға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, Rare Beauty бренді тіпті жаһандық нарыққа әлі шықпаған. 

Рианна, Кайли немесе Селена: 2023 жылы кімнің beauty-бренді ең табысты болды?

Сондай-ақ, үздік ондыққа Ариана Гранде (r.e.m beauty), Джеффри Стар (Jeffree Star Cosmetics), Милли Бобби Браун (Florence by Mills), Гвинет Пэлтроу (Goop), Кайли Дженнер (Kylie Skin), Кэт Вон Ди (KVD Beauty) және Мария Шарапова (Supergoop) брендтері кірді.


Фото: Instagram/ @fentybeauty/ @kyliecosmetics/ @rarebeauty

Поделиться: