«Қисынсыз шоу»: Мөлдір Әуелбекова КешYOU концертіне қатысудан бас тартты

Мөлдір Әуелбекова «КешYOU» тобының алдағы мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдеді. Осылайша ол өзінің шығармашылық жолындағы маңызды кезеңді қорытындылады

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 21 апреля 2026, 12:42
Мөлдір Әуелбекова «КешYOU»
Instagram: @moldir.auyelbekova

Бұл туралы Мөлдір Instagram парақшасында жариялады. Әнші өзінің қатысуынсыз-ақ кештің жоғары деңгейде өтетініне сенімді екенін жеткізді.

«Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын», —

деп жазды ол.

Айта кетейік, әншінің бұл шешімі «КешYOU» тобы туралы деректі фильмнен кейін туындаған қоғамдық резонанспен тұспа-тұс келді. Фильмде продюсер Баян Алагөзова Әуелбекованың сырт келбетіне қатысты қатаң пікір білдіріп, бұл әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын.

Ресми түрде әнші концерттен бас тартуын бұл мәлімдемелермен байланыстырған жоқ. Дегенмен, желі қолданушылары дәл осы жағдай оның шешіміне әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сонымен қатар, Әуелбекова сахнадағы 22 жылдық мансабына шолу жасады. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде ол түрлі белестерден өткен: сахнадан бизнеске ауысып, өнерден уақытша кетіп, қайта оралған сәттері де болған.

Әнші әріптестеріне, шығармашылық ұжымдарға және тыңдармандарына алғыс айтып, оның тұлға ретінде қалыптасуына көрерменнің рөлі зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ, өнер иесі сахнадағы 22 жылдығына орай жеке есеп беру концертін өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік», —

деді әнші.

Әуелбекованың жазбасынан кейін Баян Алагөзова ашық мәлімдеме жасады.

«Маған және менің сен үшін істеген еңбегіме пысқырып та қарамайтыныңа бұдан былай жол бермеймін! Оның неліктен іштен шыққан сатқын екенін жайып салатын кез келді. Мен фильмде оның абыройын барынша ақтап алуға тырысып жатқанда, ол концертке қатыспау туралы шешімді өз бетінше қабылдапты!», —

деді продюсер.
«Қисынсыз шоу»: Мөлдір Әуелбекова КешYOU концертіне қатысудан бас тартты
Instagram: @bayanmaxatkyzy

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше