Өнер иесі бұл сұрақтың өзіне жиі қойылатынын жасырмады.
«Қазақстанға келген сайын паспорттық бақылау қызметкерлері: “Димаш, қашан үйленесің?” деп сұрайды. Қарсы алатындардың бәрі де осы сұрақты қояды. Үйге барсам, таңғы, түскі, кешкі ас кезінде де жақындарым осыны сұрайды. Достарым да қызығады», –
деп әзілдеді ол.
Жалпы, оның айтуынша, әр нәрсенің өз уақыты бар.
«Бұл мен үшін өте маңызды мәселе. Менің неке туралы көзқарасым ерекше. Біреуге зияным тиіп кете ме деп қорқамын. Қыз-келіншектерді қатты құрметтеймін және бұл тақырыпқа өзгеше қараймын. Меніңше, неке – бір рет және өмірлік болуы керек. Соған ұмтылу қажет», –
деді әнші.
Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды қыз-келіншектерге құрметпен қарап, оларға қарсы агрессия көрсетпеуге шақырды.
«Әлеуметтік желілерде әпке-сіңлілерімізге жасалған қиянат туралы түрлі жаңалықтар жарияланып жатады. Өкінішке қарай, ондай ер азаматтар бар. Нағыз ерлік – әйелдерге құрметпен және қамқорлықпен қараудан көрінеді. Оларды сыйлап, қорғайық», –
деді ол.
Фото: Instagram