Қазақстандық шахматшы ақ тастармен ойнап, қарсыласын жеңіп, өз еншісіне бір ұпай жазды.
Қазіргі уақытта Асаубаеваның еншісінде бес ұпай бар. Ол екі партияда жеңіске жетіп, алты ойынды тең аяқтап, екі рет жеңіліс тапты.
Жалпы, турнирге қатысушылар айналмалы жүйе бойынша 14 тур өткізеді. Уақыт бақылауы классикалық форматта: алғашқы 40 жүріске 90 минут, партия соңына дейін қосымша 30 минут беріледі, әрі әр жүріс үшін бірінші жүрістен бастап 30 секунд қосылып отырады.
Әрбір қатысушы әр қарсыласымен екі реттен — ақ және қара тастармен ойнайды. Турнир жеңімпазы қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін матч өткізу құқығына ие болады.
Жүлде қоры 300 000 еуроны құрайды. Бұл — Қазақстан тарихында шахматтан «тәж» үшін өтетін Үміткерлер турниріне алғаш рет ел өкілінің қатысуы.
Фото: Instagram
Дереккөз: Sportarena.kz