Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Карлсеннен бірге суретке түсуді өтінген. Норвегиялық спортшы бас тартпай, қарсыласымен селфи жасаған. Алайда көп ұзамай Карлсен жарыс ұйымдастырушыларына жүгініп, шахматшының жанында ұялы телефон болғанын айтқан.
Турнир регламентіне сәйкес, ойын барысында телефонды қолдануға ғана емес, оны өзімен бірге алып жүруге де қатаң тыйым салынады. Соның нәтижесінде төреші ойын басталмай тұрып Нұрманның құрылғысын алып қоюға мәжбүр болды.
Кейінірек Нұрман Instagram желісінде Карлсенмен түскен селфиді жариялап, оған «Арманым орындалды» деген жазба қалдырды.
Фото: Instagram
Дереккөз: Vesti.kz