Рахмонова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Гүлайым балаларымен түскен бейнежазба жариялап, ажырасқаннан кейін олардың тек анасына ғана қажет екенін атап өтті.
«Ол өз балаларынан бас тартты, “қалай болғанда да олар анасына тартады” деді… Ешқашан осындай қамқор әке бір күнде “балаларды енді маған алып келме” деп айтады деп ойламаппын», –
деді Гүлайым Рахмонова.
Сондай-ақ, ол төрт бала дүниеге әкелгенін және тағы бір сәбиді күтіп жүргенін жеткізді.
«Сөйтсем, мен әлі де көп бала туады екенмін. Не дейсің… егер балалар әкесіне керек болмаса, онда әкенің де балаларға қажеті жоқ! Алла маған балаларымды өсіріп, жеткізуге күш-қуат берсін», –
деп жазды Гүлайым Рахмонова.
Фото: Instagram