«Шоу-бизнесте көп қыздың төсек арқылы көтерілетініне көзім жетті»: Құралай Анарбекова ашық ойын білдірді

Белгілі актриса Құралай Анарбекова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында кино индустриясында сирек айтылатын жайттардың бірін қозғады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 13 марта 2026, 11:54
Құралай Анарбекова
Instagram: @kuralay_corich

Актрисаның айтуынша, ол «Жаужүрек мың бала» фильмінде Қорлан рөлін сомдағаннан кейін көрерменге кеңінен танылып, түрлі ұсыныстар ала бастаған. Алайда сол ұсыныстардың бірі оның көңіліне ауыр тиген.

«Қорлан образынан кейін мені барлық режиссерлер құрметтейді, енді кастингсіз-ақ басты рөлдер ұсынылады деп ойлағанмын. Бірақ бір кастингке барғанымда режиссер кешке жақын бірге шарап ішіп, көңіл көтеруді ұсынды. Оның отбасы, бала-шағасы бар екенін білетінмін. Сондықтан мұндай ұсыныс мен үшін күтпеген әрі жағымсыз болды. Сол кезде шоу-бизнесте кейбір қыздардың мансабы осындай жолмен өсетінін түсіндім. Батыстың қызы болғаннан кейін оған өте дөрекі жауап бердім», –

дейді актриса.

Осы жағдайдан кейін Құралай Анарбекова қатты намыстанғанын айтады. Сол себепті ол продюсерлік бағытта білім алуға бел буып, екі жылға Мәскеуге оқуға кеткен.

«Бірге отырып шарап ішіп, көңіл көтерейік дегеннен кейін ақыр соңы төсек қатынасын ұсынып отырғаны белгілі ғой, менімен дос болғысы келді деп ойламаймын. Үйге келіп намыстандым, сонда актрисалардың ғұмыры осындай ма деп сауал қойдым. Өзі кішкентай кино саласында осындай ұсыныс жасау мен үшін өте ұят. Кейін режиссердің бастығы кім деген ой келді, ол – продюсер. Режиссерді ақша беріп продюсер жалдайды, міне, осылайша, продюсерлік білімді қай жақтан алсам екен деп іздене бастадым. Мәскеуге түсіп, оқып келсем, құндырақ болатынымды түсіндім. Мен оқып келгеннен кейін де байқасам, ешнәрсе өзгермеген, ол фильмді түсірген, ол халыққа өтпеген. Баяғы жартас, сол жартас. Ал мен сол екі жылдың ішінде мүлде басқа адам болып келдім», –

дейді ол.

Продюсер бүгінде сол кезде ұсыныс жасаған режиссерге ешқандай реніш сақтамайтынын айтады. Керісінше, бұл жағдай оның өміріндегі маңызды шешім қабылдауға себеп болғанын жеткізді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше