Дина Тасболатова испан фильміндегі түсірілім қалай өткенін көрсетті

Қазақстандық актриса Дина Тасболатова испандық «Перемирие» (La Tregua) фильмінің түсірілім алаңындағы кадрлармен бөлісті. Ол сахна сыртындағы сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 06 марта 2026, 13:11
Дина Тасболатова
Instagram: @dina_tasbulatova

Актриса халықаралық жобаға қатысқанын жылы сезіммен еске алатынын айтты. Жарияланымда ол түсірілімнен үзінділерді және алаңдағы соңғы күнінің сәттерін көрсетті.

«Біздің түсірілімдерді ерекше жылылықпен еске аламын. Бұл — испандық La Tregua фильмінің түсіріліміндегі соңғы күнім», —

деп жазды Тасболтова.

Бейнежазбада түсірілім тобының әріптестері актрисаны ду қол шапалақпен шығарып салғанын көруге болады.

Фильм 4 наурыз күні Netflix платформасында жарық көрді. Әскери драманы испан режиссері Мигель Анхель Вивас түсірген және ол шынайы оқиғаларға негізделген.

Картина сюжетінің өзегінде — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстандағы кеңестік лагерьге түскен испан әскери тұтқындарының тағдыры.

Актрисаның жазылушылары пікірлерде оны қызу қолдап, жылы лебіздерін білдірді.

«Құдай саған денсаулық, бақыт пен махаббат берсін», «Қандай ақылдысың», «Еңбегіңе лайық қошеметті қабылдауға ұяламыз ғой. Сәттілік тілейміз», «Қазір испан сериалдары қарқынды дамып келеді», — деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, «Перемирие» (La Tregua) фильмі — Netflix платформасына шыққан алғашқы қазақстандық фильм.

Фильмдегі басты рөлдерді испан актерлері Мигель Эрран мен Арон Пипер сомдаған. Жобаға қазақстандық актерлер Сергей Уфимцев, Дина Тасболтова және Алтынай Нөгербек те қатысқан.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше