Төреғали Төреәлі мен оның жұбайының отбасында жақын арада қуаныш болатыны жуырда ғана белгілі болған еді.
Әншінің продюсері Жан Мұқановтың парақшасында Төреғали Төреәлінің жаңа туған сәбиімен түскен суреттерін жарияланды.
«Құрметті қазақ елі! Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді — Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Сүйінші! Бүгін 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Киелі жетілік! Шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін», –
деп жазды ол.
Сондай-ақ, Жан Мұқанов сәбиге әлі есім қойылмағанын атап өтті.
«Құрметті ағайын, қандай есім лайық деп ойлайсыздар? Пікірге ұсыныстарыңызды жазыңыздар», –
деп оқырмандарынан сұрады ол.
Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова, Тамара Асар, Мадина Сәдуақасова және басқа да жұлдыздар Төреғалиды сәбиінің дүниеге келуімен құттықтады.
«7 сәуірде 7-ші бала дүниеге келді, демек, ол талантты қыз болады», «Ханшайым ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешсін», «Төреғалидың жары – нағыз батыр ана», «Ата-анасын құттықтаймыз!» – деп жазуда желі қолданушылары.
Әлеуметтік желі қолданушылары Торайым, Томирис, Нұрсила, Айсанам, Айсафи, Аруна, Талшын, Динара секілді әдемі қыз есімдерін ұсынды.
Фото: Instagram