Алагөзовтер алғаш рет өз үйлерін Бейбіт Әлібековтің «По домам» бағдарламасында көрсетті.
Жалпы аумағы 2000 шаршы метрден асатын, 4 гектар жерді алып жатқан бұл үй — нағыз заманауи архитектура мен люкс өмір салтының көрінісі. Интерьердегі жылтыр мәрмәр, ерекше дизайнерлік жиһаздар және кең гардероб бөлмелері үйдің әр бұрышынан жоғары талғамды аңғартады.
Үйдің аумағында ерекшеліктердің бірі — үлкен қазақ үй.
«Біз жаңа үйге көшкенде үлкен қазақ үй болғанын армандадым. Бір айдың ішінде Тұрсын құрып қойды», —
деді Баян Мақсатқызы.
Гардеробтардың өзі бөлек бір әлем іспетті: мұнда әлемдік сән индустриясының ең таңдаулы туындылары сақталған. Атап айтқанда, Louis Vuitton және Hermès секілді әйгілі брендтердің сирек сөмкелері, соның ішінде Birkin мен Kelly үлгілері, сондай-ақ Swarovski бұйымдары көздің жауын алады.
Баян Алагөзова өткен күндерді еске алып, ерекше бір сәтті жылы жымиып жеткізді: оның айтуынша, осыдан он жыл бұрын Тұрсын алғаш рет кездесуге гүл емес, қолтырауын терісінен жасалған эксклюзивті Hermès сөмкесін сыйға тартқан. Бұл — олардың қарым-қатынасындағы өзіндік стиль мен даралықтың белгісі іспетті.
Жеке кеңістік жайлы ашық әңгіме
Үйді таныстыру барысында ең көп талқылауға түскен бөлме — ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесі болды. Бейнежазба кезінде Тұрсын Алагөзовтың: «Бұл жерде біздің отбасымыздың сексуалды импульсі соғады» деген сөзі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Ашық айтылған бұл ой кейбіреулерді таңғалдырса, енді біреулер үшін ерлі-зайыптылардың шынайылығы мен батылдығын көрсетті.
Бейбіт Әлібеков үйдің ауқымы мен безендірілуіне тәнті болғанын жасырмады. Ол тіпті бұл интерьерді танымал тұлға Динара Сатжан үйінің салыстырып, «рекорд жаңарттыңыздар» деп бағалады.
Үйдің үлкендігі сонша, онда жаттығу залы, бассейн, сауна, балалар ойнайтын аумақ, жұмысшыларға арналған бөлме, бірнеше жатын бөлмелері бар.
Алагөзовтар отбасының бұл үйі — тек байлықтың көрінісі ғана емес, сонымен қатар олардың өмір салты, эстетикалық талғамы мен жеке кеңістікті қалай қабылдайтынын айқын көрсететін ерекше кеңістік.
Фото: Instagram