Ұзын қос бұрымымен ерекшеленген актриса қарлы шыңдары бар таулы аймақта қазақы нақыштағы киім киіп, түрлі образда суретке түсті. Әсел образын әсем ұлттық әшекейлермен және тақиямен толықтырған.
«Шабытқа толы кадрлар», –
деп жазды актриса.
Желі қолданушылары мен шоу-бизнес өкілдері Әселге жылы лебіздерін білдірді. Пікір қалдырғандар қатарында танымал әріптестері де бар.
«Ең әдемі, ең сұлу», «Әсел, керемет сұлусың», «Мұнда бәрі әдемі», «Бірде-бір мін жоқ», «Көшпенділерге түсуіңіз керек еді», «20 жастағы қыздай көрінеді. Өскенде Әселдей болғым келеді», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram