Отандық блогер Дастан Мұхамедрахим «Өрмекші адам» фильмінің жарнамасына ат салысты

«Өрмекші адам: Жап-жаңа күн» фильміне арналған маркетингтік кампания бұл жолы тың тәсілімен ерекшеленді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 19 марта 2026, 12:28
Дастан Мұхамедрахим «Өрмекші адам»
Instagram: @bydastann

Marvel мен Sony Pictures трейлердің жекелеген үзінділерін әлемнің әр өңіріндегі инфлюенсерлерге таратып, олар арқылы көпшілікке жеткізуді жөн көрген. Осы халықаралық бастама аясында қазақстандық тревел-видеограф әрі блогер Дастан Мұхамедрахим де бар — ол Том Холланд қатысқан эксклюзивті кадрлардың бірін алғаш болып көрсетті.

Өз видеосын жариялағаннан кейін Дастан кезекті үндістандық YouTube-блогер Ашиш Чанчланиге табыстады. Қазір көрермендер трейлердің толық нұсқасын осы бөліктерді біріктіру арқылы құрастырып, ресми релизін асыға күтіп жүр. Айтуларынша, толық видео бүгін жарық көруі мүмкін.

Картинаның ресми тұсаукесері 2026 жылдың 31 шілдесіне белгіленген.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше