Instagram: @archibaaalt
Қазақстандық блогер Артур Аскарұлының (көпшілікке Archibaaalt лақап атымен танымал) және актриса Замира Саидованың үйлену тойы желіде нағыз қызу талқыланған оқиғаға айналды.
Көпшілікті ерекше әсерге бөлеген сәт — беташар рәсімі болды. Бұл дәстүрлі салтта қонақтар жас жұбайларға ақшалай сыйлық береді.
13 шілдеде жас жұбайлар «Бізде қлнақтар ең керемет» деген жазумен видео жариялады. Осы сәттен бастап желі қолданушылары қонақтардың әрекеттерін талқыға салды. Видеода жастардың туыстары мен достарының себетке қомақты ақша салып жатқанын көруге болады.
Мысалы, футболшы Дидар Сыдықбек жас жұбайларға 1 миллион теңге сыйлады. Күйеу жігіттің анасы да қалыс қалмай, 500 мың теңге салды. Ал блогер Zheka Fatbelly (Жеңіс Омаров) сәл қарапайымдау сыйлық жасап, 300 мың теңге берді.
Видеодан кейін желідегілердің пікірі екіге бөлінді: бірі таңданысын жасырмады, бірі әзілдеді, енді бірі «ақшаны көрсетудің қажеті бар ма еді» деп реніш білдірді.
Сонымен қатар, Артур мен Замира үйлену тойларына келген әртістерді көрсетті. Олардың арасында Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» және «МузАРТ» топтары, RaiM сынды әншілер бар.
Блогер оқырмандарына кештің ең қызықты сәттерін көрсетіп отыруға тырысты. Алғашқы би, тәтті торт, көңілді ойындар, ерекше әсемделген зал — барлығын Артурдың желідегі парақшасынан көруге болады.
Еске салайық, Асқарұлы желтоқсан айында сүйіктісіне ұсыныс жасап, некелерін қиған болатын.
Фото: Instagram