«Байқамай қалыппын»: әнші Yenlik Таймс-скверде Максим Галкинмен кездейсоқ видеоға түсіп қалған

Қазақстандық әнші Yenlik Нью-Йоркте серуендеп жүрген кезде Максим Галкиндi байқамай түсіріп алған сәтін жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 13 апреля 2026, 11:07
Yenlik  Галкинмен
TikTok: yenleak

Бейнежазбада әртіс мегаполистің қақ ортасы — Таймс-скверде билеп жүр. Ол өз камерасының объективіне әйгілі шоуменнің қызы Лизамен бірге түсіп қалғанын аңғармаған.

Бір қызығы, контент түсіріп жатқан қызды алғаш болып тележүргізушінің қызы байқайды. Ал Еңлік болса, жарқыраған шамдардың қасында билеуін жалғастырып, артында тұрған танымал тұлғаны мүлде аңғармаған.

Кейін әнші оқиғаға қатысты пікір білдіріп, түсірілім сәтінде адамға лық толы алаңның атмосферасына қатты беріліп кеткенін, сондықтан танымал пародисті мүлде танымағанын айтты.

«Ауызым ашылып, қасымдағы Максим Галкинды байқамаппын», –

деп жазды ол өз парақшасында.

Видео желіде тез тарап, миллиондаған қаралым мен мыңдаған лайк жинады. Қолданушылар бұл тосын сәйкестікті қызу талқылап, Таймс-сквердегі қалың көпшіліктің арасынан Галкиндi кездестірудің өзі сирек әрі күтпеген жағдай екенін атап өтті.

Еңліктің оқырмандары жағдайға әзілмен қарап, жазба астына жылы пікірлер қалдырды.

«Галкин екеуі бірге жүрген сияқты», «Саған Галкиннің не керегі бар, ол сені өзі танысын!», «Саған қарап қалып, артыңдағы Максим Галкиндi байқамай қалыппын.», «Ех, Еңлік, қандай ақкөңіл жансың!», – деп жазды желі қолданушылары.

@yenleak_

Ауызым ашылып, қасымда Максим Галкинды байқамаппын🤣

♬ оригинальный звук - Yenlik

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше