Әлемге әйгілі Netflix платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда reality travel show түсірілімі туралы жариялады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Әлемдік ойын-сауық индустриясындағы ең танымал Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін Алматының әдемі таулары мен шынайы қырғыз табиғатын таңдады.

Almaty Tourism Bureau атап өткендей, Алматыда reality travel show түсірілімі елдің танылуына және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал». Netflix озық ағындық платформа, ол кең аудитория үшін фильмдердің, сериалдардың және басқа да түпнұсқа мазмұнның үлкен таңдауын ұсынады және өте танымал. Netflix аудиториясы — бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан астам адам. Платформаның ақылы жазылушыларының саны — шамамен 270 млн.


Фото: Unsplash

Поделиться: