Дерматолог түсіндіреді.

Бьютиголиктердің 99%-ы хош иісті білекке, мойынға және шашқа себуге дағдыланған. Мұны істеудің қажеті жоқ екен. Бұл туралы Стамбулдағы дерматолог доктор Мехс айтады. Оның әлеуметтік желілерде 200 мыңнан астам жазылушысы бар, ол медициналық тақырыптағы қысқа роликтерді жиі түсіреді.

Соңғы видеоларының бірі жүздеген мың қаралым мен алты мың лайк жинады. Онда доктор Мехс ешқандай жағдайда хош иісті мойныңа жағудың қажеті жоқ екенін айтады. Спирт пен басқа компоненттердің арқасында бұл терінің құрғауына, ерте әжімдердің пайда болуына, аллергиялық реакцияларға, фотоаллергиялық дерматитке, пигментацияның пайда болуына әкеледі.

@dr.mehss Applying perfume on the neck can cause dry skin, early wrinkles , allergic reactions, photoallergic dermatitis, pigmentation changes due to chemical sensitivities and sun exposure. #perfume #allergy #eczema #dermatitis #atopicdermatits #irritated #wrinkles #neckskincare #dryskin #neck #skincare #skincaremistakes #foryou #foryoupage #fyp ♬ OJC SPACE SONG X NASTY MIX — ojccccc

Фото: Pexels

Поделиться: