Неліктен ұшақта кәмпит таратуды тоқтатты
Shutterstock: Jisele

Бұрын ұшақ бортында ұшар алдында әрқашан кәмпиттер таратылатын.

Бортсеріктер науалары бар қатарлар арасында жүріп, жолаушыларға карамель ұсынатын. Бұл ұшу және қону кезінде құлақ бітіп қалмау үшін қажет. Неліктен бұл пайдалы және әдемі дәстүр барлық жерде дерлік жойылылғаны жайлы TravelRambler сарапшылары айтып берді. 

Жаңа ұшақтар

Көптеген заманауи әуеомпаниялар, соның ішінде қазақстандық әуекомпаниялар жаңа буын ұшақтарын пайдаланады. Эксплутацияның орташа жасы әуекомпанияға байланысты 6 жастан 10 жасқа дейін. Өйткені, жаңа ұшақтар жолаушылар үшін ыңғайлы және қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар жақсартылған техникалық сипаттамаларға ие. Олардың бірі — ұшу және қону кезінде салондағы қысымды реттеу.

Ұшақтардың ең жаңа модельдері қысымның ағзаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді, сондықтан кәмпит мүлдем қажет емес — құлақ бітелмес үшін жұту қимылдары мен маневрлер жасау жеткілікті.

Қызметтердің қымбаттығы

Мамандардың айтуынша, бұрын әуекомпаниялар кәмпиттерді сатып алу үшін бөлек бюджет құрған, бірақ ол әрқашан олар күткеннен де көп болды. Мәселе мынада, әр адамға төрт кәмпит қарастырылды, бірақ кейбір жолаушылар көбірек алды, сондықтан соңында отырғандар үшін кәмпит қалмай қалады. Бұл кәмпит алмаған жолаушылар арасында жанжал тудырды.

2010 жылдары бортсеріктер жолаушылар алатын кәмпиттердің мөлшерін бақылап отырды. Кейбіреулер оларды өздері таратты. Бұл процедура тым көп уақытты қажет ететіні белгілі болды. Мәселенің шешімін таппаған әуекомпаниялар кәмпиттерді ұшақтардан толығымен алып тастауға шешім қабылдады.

Енді жолаушылар карамельді алдын-ала сатып ала алады, егер ол ұшақта құлағы бітелетін болсп. Сарапшылар оны әуе кемесі қозғала бастаған сәтте сорып алуды ұсынады. Сонымен, ұшу кезінде жұту процесі қарқынды болады, сондықтан құлақ бітелмейді.


Фото: Shutterstock

Ақпарат көзі: Tengri Travel

Поделиться: