Threads қосымшасы
Unsplash: Nik

Twitter аналогы деп аталатын Meta-ның жаңа қосымшасының пайдаланушылары оларға ескертілмеген мүмкіндікті тапты. Мәтіндік әлеуметтік желіні Instagram қосымшасынан өшірмей толығымен жою мүмкін емес.

Желіде гаджеттеріне жаңа Threads қосымшасын орнатқан пайдаланушылардың қарсы пікірлері пайда болды. Пайдаланушылар жаңа қосымшаны өшіру үшін Instagram желісін де өшіру керектігін анықтады. Өйткені олар бір-бірімен байланысты.

Профильді қолданбада уақытша өшіруге болатынымен, оны біржола жою үшін Instagram қосымшасынан да құтылу керек. Наразылықтарын білдіріп жатқан адамдар жеткілікті.

«Мен өзімнің есептік жазбамды Threads-те өшіріп қойдым, бірақ «сіз өзіңіздің Instagram есептік жазбаңызды жоймай-ақ әлеуметтік желідегі есептік жазбаңызды жоя алмайсыз», сондықтан жай ғана тіркелмеңіз».

Жаңа қосымша шыққаннан кейінгі алғашқы күні оны 50 миллионнан астам қолданушы жүктеп алып, орнатқан.


Фото: Unsplash

Ақпарат көзі: The Daily Mail

Поделиться: