Unsplash: Danny Lines

Алғашқы кездесуде көптеген қыздар жігіттің бойына назар аударады.

Бұл нәзік жандылар үшін маңызды фактор. Сан-Францискодағы психология орталығының директоры Авигейл Лев, мұны себептер кешенімен түсіндірді.

Маманның айтуынша, ең алдымен, қыздар саналы түрде ұзын бойлы еркектерді дені сау және күшті деп санайды. Эволюция процесінде әйелдер бұл стереотиптен арыла алмады, сондықтан қыздар әлі күнге дейін саналы түрде бойы ұзын жігіт оларды қорғап, оларға қамқорлық жасай алатынына сенімді. Рационалды түрде қарайтын болсақ, бой күш пен төзімділікке ешқандай қатысы жоқ.

Сонымен қатар, Авигейл мұны әлеуметтік себептермен түсіндіруге болады деп санайды. Нәзік жандар ұзын бойлы ер адамды тең серіктес ретінде көреді:

«Бой ішкі күшпен, үстемдікпен және қамтамасыз ету қабілетімен байланысты».

Сондай-ақ, бұл жалпы қабылданған сұлулық стандарттарына айналғанын ұмытпауымыз керек. Қоғамдағы ер адамның сыртқы келбетіне қойылатын талаптар көп емес, бірақ бой маңызды факторлардың бірі.


Поделиться: