Нұрлан Қоянбаев
Instagram @koyanbayevnurlan

Қазақстандық актер, продюсер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалуы жайлы айтып, хайтерлерге жауап берді.

Қоянбаев Instagram-да үлкен пост жариялады, онда өзінің жақында тағайындалған жаңа лауазымы туралы түсініктеме берді — актер Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды. Ол өзінің өмірбаянына және ең үлкен жетістіктеріне назар аударды. 

«Кино саласына келіп, ол саланың маманы болмасам да, Голливудтың дәуірін тоқтаттым. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын алмай, жұмыс істеуге болатынын көрсеттік. Бұл үрдіс жас режиссерлерге серпін беріп, жол ашып, соңғы кездері жылына 120 ға жуық отандық фильмдер түсіріліп жүр. Яғни, жыл сайын Голливудтқа кететін 100 млн долларға жуық ақша, енді елімізде қалуда. Ол дегеніміз 4-5 жылда 500 млн доллар!

Мұның барлығы креативтің арқасында. Осы креативті ойларымды пайдаланып еліме қызмет еткім келеді.

Облыс әкімдерімен кездесіп, көп ойларыммен бөлісіп жүрмін. Әзірге тек Түркістан облысы ғана креативті идеяларымды қолдады. Ешқандай айлықсыз және бюджеттен тыс»,

деп атап өтті актер және продюсер. 

Осыған қарамастан, Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін хейтке тап болды. 

«Байқағаным, кейбір біршама журналистердің мақалаларында “Сайқымазақ”, “Клоун” деген сияқты сөздер шығуда. Мен сайқымазақ емеспін, мен Қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермитін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсерлерінің бірімін»,

деп қорытындылады шоумен.

Фото: Instagram

Поделиться: